Газа секторындағы балаларға қолдау көрсетіңіз
Газа секторында 5 жасар Ахмад сияқты балалар күнде аш ұйықтайды, ал айналасында — ұрыс майданы, қирандылар. Ешбір бала көрмеуі тиіс, адам төзгісіз шындық.
Қанқұйлы шайқастардың кесірінен 1,7 миллионнан астам адам босқынға айналды, олардың жартысы — бейкүнә балалар. Үйлері қираған, отбасылары бір-бірінен ажырап қалған, өмір сүруге қажетті негізгі қажеттіліктер — су, азық-түлік, отын, дәрі-дәрмек —тапшы.
Сондықтан күн өткен сайын Ахмад сияқты қисапсыз балалардың өміріне алдын алуға болатын аурулар, тамақ пен су тапшылығы қауіп төндіреді.
«Газа секторындағы мыңдаған балалардың болашағы қыл үстінде тұр. Әлем жай ғана қарап тұра алмайды. Балалар көріп жатқан зорлық-зомбылық пен қасірет тоқтатылуы тиіс» — Кэтрин Рассел, ЮНИСЕФ Атқарушы директоры
Қақтығыс басталғалы бері ЮНИСЕФ дереу атысты тоқтатуға шақырды, сонымен қатар Газа секторына өмірлік маңызы бар керек-жарақтардың, соның ішінде дайын балалар тағам қоспасын, емдік-профилактикалық тағамдарды және басқа да маңызды тағамдық қоспаларды жеткізіп отырды. Бірақ қажеттілік шұғыл әрі орасан зор. Балалардың өмірін сақтап қалу үшін бізге анағұрлым тиімді және қауіпсіз жолдар қажет.
Өтінеміз, Газа секторындағы және Палестина мемлекетіндегі балаларға шұғыл көмек жіберу үшін қайырымдылық жасаңыз.
Газа секторындағы жағдай туралы сандар сөйлейді
3,1 миллионға жуық
адам көмекке мұқтаж
1,2 миллионға жуық
адам шектен тыс азық-түлік тапшылығына душар болды
Газа секторындағы дағдарыс 1 миллионнан
астам балаға кесірін тигізді
Қалай көмектесе аласыз?
ЮНИСЕФ-тің іс-шаралары дәл қазір қорғауға және гуманитарлық көмекке ерекше әрі шұғыл мұқтаж болып отырған миллиондаған балалар мен отбасылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталатын болады.
Сіздің қолдауыңыз көбірек балалар мен отбасыларды мына заттармен қамтамасыз етуге көмектеседі:
- Азық-түлік өнімдері, соның ішінде дайын балалар тағам қоспасы, арнайы қосымша тағамдар, нәрлі тағамдық қоспалар, жіті жеткіліксіз тамақтанудың ерте алдын алу және емдеу үшін дайын емдік-профилактикалық тағамдар.
- Қысқы керек-жарақтар, соның ішінде қысқы киім-кешек, көрпелер мен брезенттер, сондай-ақ паналауға арналған күркелер.
- Су жеткізу және бөтелкедегі суды тарату арқылы қауіпсіз және таза су. ЮНИСЕФ сонымен қатар балалар мен отбасыларды су толтыратын ыдыстарымен, суды зарасыздандыратын хлор таблеткаларымен, ұңғымаларға және тұщыландыру қондырғыларына арналған отынмен қамтамасыз етеді.
- Ондаған мың сабын және күнделікті қолданылатын заттар бар отбасылық гигиеналық жинақтарды тарату арқылы гигиена және санитария өнімдері, сондай-ақ әйелдерге арналған гигиена өнімдері.
- Шұғыл медициналық көмек, to ауруханалар мен медицина мекемелеріне арналған керек-жарақтар, соның ішінде жаңа туған нәрестелерге арналған керек-жарақтар, акушерлерге арналған керек-жарақтар, жіті сұйық диареяны емдеуге арналған керек-жарақтар және басқа да өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектер.
- Ең осал үй шаруашылықтарының негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ақшалай көмек.
Бірақ қажеттілік орасан зор және ұдайы артып бара жатыр. Өтінеміз, Газа секторына және Палестина мемлекетіне шұғыл көмек жіберу үшін қайырмалдық жасаңыз.