Евгений мен Анна балалар үйіне келгенде бір ғана баланы аламыз деп ойлаған. Бірақ «тізімде бірінші тұрған», асырап алуға аса мұқтаж бір емес, бірден төрт бала болды: бауырлас үш ұл мен бір қыз. Оларға ешкім төртеуін бірақ асырап алғысы келмейтінін айта береді екен. Бірақ Евгений мен Анна олардың бір-бірінен ажырап қалуына жол бере алмады. Төртеуін де, соның ішінде церебральды сал ауруына шалдыққан Егорды да асырап алып, махаббатқа, күлкіге, екінші мүмкіндіктерге толы шаңырақта бірге тәрбиелеуге бел буды.
Міне, бес жылдан бері осы қайсар отбасы бірге өсіп-өркендеп, өмірдің қиындықтарын бірге жеңуді үйреніп келеді. «Бізге оңай емес, — дейді Евгений, — бірақ қиындықтарды жеңген бойда өзіңді балаларға толығымен арнауға дайын екеніңді сезінесің». Олардың жігерлілігі — отбасының бар мән-маңызының айғағы: отбасы — жылы ұя, жан жарасына дауа сыйлайтын, үміт ұялататын мекен.
Әрбір бала осындай махаббат пен тұрақтылыққа лайық.
Өкінішке қарай Қазақстанда мыңдаған балалар, әсіресе мүгедектігі бар балалар қиыншылық пен тауқымет кесірінен отбасыларынан ажырап қалған. Бірақ Сіз олардың бірге қалуына себепкер бола аласыз.
ЮНИСЕФ түрлі себептермен жабық мекемелерге түсетін балалардың санын қысқарту үшін және осы жүйеде жүргендердің биологиялық немесе асырап алушы отбасыларына оралуына мүмкіндік беру үшін үкіметтермен және жер-жердегі серіктестермен тығыз жұмыс істейді.
Сіздің қолдауыңыз көбірек балаларға дәл Евгений мен Аннаның балалары сияқты отбасының тұрақтылығы мен сүйіспеншілігіне бөленуге көмектесе алады.
Әр баланың қамқор отбасылық ортада өмір сүру құқығын қорғау – ЮНИСЕФ-тің басым әрекеті.
Қазақстанда ЮНИСЕФ ата-анасының күтімінен айырылған балалардың түрлі мәселелерін шеше отырып, балаларға баламалы түрде күтім көрсетуді дамытумен екі онжылдықтан астам уақыт бойы жұмыс жасап келеді. Мұндай жұмыстың мақсаты әр баланың отбасын табуында жатыр. Мемлекеттік органдармен және серіктестермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, біз келесі нәтижелерге қол жеткіздік:
- Балалар үйін қиын өмірлік жағдайға ұшыраған отбасылардың балаларына қолдау көрсету орталықтарына айналдыру.
- Елдің бүкіл жерінде балаларға қолдау көрсету орталықтары санын арттыру. Қазіргі таңда елде 18 орталық бар, ал 2017 жылы мұндай орталық саны 3-еу ғана еді.
- Бүкіл Қазақстан бойынша әр түрлі типтеті балалар интернаты мекемелеріне сараптамалық қолдау көрсету.
ЮНИСЕФ сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметті қолдайды, өзге елдердің техникалық білімімен және озық тәжірибесімен, атап айтқанда таныстыру сапарлары барысында бөліседі; елдегі балаларды қолдау орталықтарының өңірлік тәжірибесін құжатқа түсіреді; аталған мекемелерді қайта құруға арналған оқу құралдарын және басқарушылық қағидаларын әзірлейді.
Сіз берген қайырымдылығыңыз балаларға сүйіспеншілікке толы отбасын табуға көмектеседі
Кез-келген сомада қайырымдылық жасаңыз. Сіздің қолдауыңыз балаларға өздерінің биологиялық отбасыларына қайтып келуге немесе асыраушы ата-ана табуға көмектеседі, ал ЮНИСЕФ мемлекеттің балаларды отбасылық формадағы құрылымға орналастыру саясатын нығайту әрекетін қолдайтын болады.
Қайырымдылық түріндегі Сіздің қолдауыңыз балаларды отбасылық формадағы құрылымдарға орналастыруға келесі ықтимал шешімдерді нығайтуға көмектесуі мүмкін:
- Қазақстанда кәсіби асыраушы отбасы жүйесін дамыту және 3 жасқа дейінгі балаларды мекемелерге орналастыруды болдырмау.
- Ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды баламалы формаларға орналастыруда заңнамадағы олқылықтарды жою.
- Түрлі қажеттіліктері бар балалар үшін асыраушы отбасылардың әр түрлі санаттарын құру.
- Балалардың интернаттық мекемелеaрге орналастырылуын болдырмау мақсатында қиын жағдайда қалған отбасыларға бастапқы кезеңдерінде психоәлеуметтік қызмет көрсетуге бағытталған арнайыландырылған бағдарламаларды нығайту және тарату.
- Іс-құжатты жүргізу жүйесін нығайту және оны денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және балаларды қорғау департаменттеріне біріктіру.
Жиі қойылатын сұрақтар
ЮНИСЕФ – дүние жүзіндегі әрбір баланың құқықтарын қорғау және ілгерілету бойынша жұмыс істейтін Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры. Біз халықтың ең осал топтарына денсаулық пен иммундау, қауіпсіз ауыз су және санитариямен қамтамасыз ету, тамақтану, білім беру, төтенше жағдайларды жою және т.б. салаларда көмектесеміз.
Сіз сияқты донорлардың қолдауының арқасында біз мұқтаж балаларға көмектесіп, ең осал адамдарды құтқарып, оқытып, қорғай аламыз. Біз 190-нан астам ел мен аумақтарда жұмыс істеп, басқа гуманитарлық ұйымдармен салыстырғанда көп баланың өмірін сақтап қалуға көмектестік.
ЮНИСЕФ әлемдегі ең аз қамтылған балаларға көмектесу үшін ең шалғай жерлерде жұмыс істейді. Мақсатымыз – балаларды құтқару, құқықтарын қорғау, әлеуеттерін толық іске асыруға көмектесу. Біз күн сайын 190 ел мен аумақта әр бала үшін орналасқан жеріне қарамастан қауіпсіз әлем құру үшін еңбек етеміз. Және біз ешқашан берілмейміз.
ЮНИСЕФ 25 жылдан астам уақыт бойы Қазақстандағы балалардың құқықтары мен мүмкіндіктерін қорғау және кеңейту бойынша алдыңғы қатарда қызмет атқарып келеді. Үкімет, кәсіпкерлер және азаматтық қоғаммен тығыз ынтымақтастықтың арқасында біз сапалы әлеуметтік қызметтерге, денсаулық сақтау мен білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, балаларды зорлық-зомбылықтан, қатыгездік пен қараусыз қалудан қорғау үшін аянбай жұмыс істеп келеміз. Біз барлық балалардың, соның ішінде ең осал топтардың дені сау, төзімді болып өсуіне және жиырма бірінші ғасырда Қазақстанның азаматы ретінде қалыптасуына қажетті дағдылар мен білімге ие болуын қамтамасыз етуге тырысамыз.
Сіздің қолдауыңыз бізге осы көзқарасты жүзеге асыруға және қазақстандық балалар мен дүние жүзіндегі балалардың өміріне тұрақты оң әсер етуге көмектеседі.
ЮНИСЕФ және оның балаларға арналған жұмысы туралы қосымша ақпарат алу үшін осы сілтемеге өтііңіз https://www.unicef.org/kazakhstan/.
Иә, ЮНИСЕФ Қазақстанда қаражат жинаумен айналысады. ЮНИСЕФ мемлекеттік донорлардың, кәсіпорындардың, қорлардың және жеке тұлғалардың ерікті жарналарына сүйенеді. Қазақстанда жиналған ақша біздің Қазақстандағы және дүние жүзіндегі бағдарламаларымызға жұмсалады.
Сіз біздің веб-сайтта «Қазір қайырымдылық жасау» түймесін басу арқылы бір реттік және/немесе ай сайынғы қайырымдылықты қауіпсіз түрде жасай аласыз.
Сіз ешқандай шектеусіз кез келген көлемде қайырымдылық жасай аласыз. Қайырымдылықтың үлкен-кішісі болмайды және кез келген төлем балалардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі.
Ай сайынғы немесе бір реттік төлем болса да, қанша уақыт қайырымдылық жасағыңыз келетінін өзіңіз шешесіз. Сіз қайырымдылықтың жиілігі мен мөлшерін өзгерте аласыз немесе онлайн қайырымдылықтан бас тарта аласыз. Неғұрлым ұзақ уақыт қайырымдылық жасасаңыз, Сіздің төлеміңіз соғұрлым маңызды болады. Ұзақ мерзім бойы, тұрақты қолдау көрсете отыра Сіз баланың өмірін жақсарта аласыз. Қайырымдылық жасау арқылы Сіз шешім қабылдау және өзгеріс енгізу процестеріне белсенді қатысасыз.
Жиналған ақша Қазақстандағы жергілікті бастамаларға да, дүние жүзіндегі балаларға қажет жерлерге, мысалы, Сириядағы жер сілкінісінен немесе Украинадағы соғыстан зардап шеккен балаларға жылдам әрі тиімді көмек ұсыну үшін жұмсалады.
Қазақстанда жиналған қаражат балаларды күту жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаны қолдауға жұмсалады, бұл ретте басты назар гейткипинг және отбасылық қамқорлық жүйелерін прогрессивті дамытуға бағытталған. Қазақстандағы ЮНИСЕФ, сондай-ақ сапалы медициналық көмек пен білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейді. ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы жұмысы туралы қосымша ақпарат алу үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз: https://www.unicef.org/kazakhstan/en/what-we-do .
Сіз сияқты донорлардың тұрақты түрде қолдау көрсетуінің арқасында біз Қазақстандағы және дүние жүзіндегі балаларға жылдам әрі тиімді көмек ұсына аламыз.
ЮНИСЕФ Қазақстанда және бүкіл әлемде балаларға көмек көрсету үшін тұрақты ұзақ мерзімді шешімдерді табуды көздеп, ай сайынғы қайырымдылық жасауды сұрайды.
Ай сайынғы қайырымдылық — бұл Сіз ай сайын жіберетін тұрақты сома және ол Сіз балаларға күн сайын көмегіңізбен тиімді.
Сіздің ай сайынғы төлеміңіз бізге алдағы жұмысымызды тиімді жоспарлауға, қаражаттарды тиімді пайдалануға және, ең бастысы, мұқтаж балаларға көптеп қамтуға мүмкіндік береді. Сіз ЮНИСЕФ отбасына қосылуды қарастырасыз деп үміттенеміз, өйткені ай сайынғы донорлардың қолдауы мен жомарттығы болмаса, біз жұмысымызды жалғастыра алмас едік.
Біз Сізге электрондық хаттар, сандық хабарламалар және т.б. арқылы жұмыс нәтижелері туралы үнемі жаңартылған ақпарат жіберіп, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы, аймақтағы және дүние жүзіндегі жұмысы туралы хабардар етіп отырамыз.
Сәтті төлемнен кейін ЮНИСЕФ Сізге электрондық пошта арқылы төлем түбіртегін жібереді. Егер ол келмесе, <infosupport@unicef.org> электрондық поштасына жазыуңызды сұраймыз.
Біздің донорларды қолдау қызметіне <infosupport@unicef.org> электрондық поштасы бойынша хабарласыңыз; біз Сізге көмектесуге қуаныштымыз.
Веб-сайт арқылы онлайн қайырымдылық жасау кез келген басқа онлайн төлем сияқты қауіпсіз. ЮНИСЕФ банк картаңыздың деректемелеріне қол жеткізе алмайды, себебі бұл ақпаратты төлем жүйесінің операторы қорғайды. ЮНИСЕФ Сіздің банктік ақпаратыңызға немесе картаңыздың ақпаратына қол жеткізе алмайды, тек қайырымдылық формасында көрсеткен байланыс деректеріне қол жеткізе алады. Қазіргі уақытта біз елде қолжетімді банктік қосымшалар арқылы жеңілдетілген төлем әдістерін енгізу бойынша жұмыс істеп жатырмыз.
Қазақстандағы ЮНИСЕФ қызметінің қазіргі ауқымы донорлардан материалдық заттарды алуды қамтымайды. ЮНИСЕФ жергілікті жерде талап етілетін нақты спецификацияларға сәйкес келетін және Қазақстан Үкіметімен консультацияларға негізделген вакциналар, дәрі-дәрмектер, оқу материалдарымен ғана қамтамасыз етеді.