Максим денесінің дамуындағы ақаулығымен дүниеге келді, ол мүгедектер арбасымен қозғалады. Анасы туғанда-ақ одан бас тартқан. Содан бері соңғы 13 жылда Максимді бір мекемеден басқасына үнемі ауыстырып келеді. Ол сияқты ата-анасының қамқорынан айырылған мыңдаған бала бар, олар үнемі дене дамуының, психологиялық, эмоционалдық және әлеуметтік дамудың тежелуіне тап болады, мұндай жарақат өмір бойына жалғаса береді.

Қазақстандағы бір бала да өз өмірінде мұндай жарақатты басынан өткізбес үшін ЮНИСЕФ уәкілетті органдармен және серіктестерімен тығыз қызмет етуде. Біз әр баланың оны жақсы көретін және қамқор болатын отбасында өсуін қамтамасыз ету үшін жұмыс жасаймыз.
Сiздердiң көмектеріңіз бен қолдауларыңыздың арқасында бiз бірлесіп әр балаға отбасында өсiп-өркендеу мүмкiндiгiн бере аламыз. Осы Рамазан айында Сіздің игі істеріңіз бүкіл елге жаңғырсын.
Әр баланың жайлы отбасылық ортада өсуге құқығы бар. Дегенмен, жыл сайын Қазақстанда әр түрлі себептерге байланысты көптеген балалар өз ата-аналарынан айырылады да, интернаттық мекемелерге орналастырылады.
ЮНИСЕФ жабық типті мекемелерге орналастырылатын балалар санын қысқарту мақсатында уәкілетті органдармен және серіктестермен бірлесе қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда жүйедегі барлар үшін ЮНИСЕФ серіктестерімен бірлесе отырып, өздерінің биологиялық немесе асыраушы отбасыларына қайтып келуге мүмкіндік табуға көмектесуде.
Қазақстанда қолдауға мұқтаж балаларды мейлінше көбірек қамту үшін бізге көмек беріңіздер.

Әр баланың қамқор отбасылық ортада өмір сүру құқығын қорғау – ЮНИСЕФ-тің басым әрекеті.
Қазақстанда ЮНИСЕФ ата-анасының күтімінен айырылған балалардың түрлі мәселелерін шеше отырып, балаларға баламалы түрде күтім көрсетуді дамытумен екі онжылдықтан астам уақыт бойы жұмыс жасап келеді. Мұндай жұмыстың мақсаты әр баланың отбасын табуында жатыр. Мемлекеттік органдармен және серіктестермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, біз келесі нәтижелерге қол жеткіздік:
• Балалар үйін қиын өмірлік жағдайға ұшыраған отбасылардың балаларына қолдау көрсету орталықтарына айналдыру.
• Елдің бүкіл жерінде балаларға қолдау көрсету орталықтары санын арттыру. Қазіргі таңда елде 18 орталық бар, ал 2017 жылы мұндай орталық саны 3-еу ғана еді.
• Бүкіл Қазақстан бойынша әр түрлі типтеті балалар интернаты мекемелеріне сараптамалық қолдау көрсету.
ЮНИСЕФ сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметті қолдайды, өзге елдердің техникалық білімімен және озық тәжірибесімен, атап айтқанда таныстыру сапарлары барысында бөліседі; елдегі балаларды қолдау орталықтарының өңірлік тәжірибесін құжатқа түсіреді; аталған мекемелерді қайта құруға арналған оқу құралдарын және басқарушылық қағидаларын әзірлейді.
Сіздің осы Рамазан айында берген қайырымдылығыңыз балаларға сүйіспеншілікке толы отбасын табуға көмектеседі
Кез-келген сомада қайырымдылық жасаңыз. Сіздің қолдауыңыз балаларға өздерінің биологиялық отбасыларына қайтып келуге немесе асыраушы ата-ана табуға көмектеседі, ал ЮНИСЕФ мемлекеттің балаларды отбасылық формадағы құрылымға орналастыру саясатын нығайту әрекетін қолдайтын болады.
Қайырымдылық түріндегі Сіздің қолдауыңыз балаларды отбасылық формадағы құрылымдарға орналастыруға келесі ықтимал шешімдерді нығайтуға көмектесуі мүмкін:
• Қазақстанда кәсіби асыраушы отбасы жүйесін дамыту және 3 жасқа дейінгі балаларды мекемелерге орналастыруды болдырмау.
• Ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды баламалы формаларға орналастыруда заңнамадағы олқылықтарды жою.
• Түрлі қажеттіліктері бар балалар үшін асыраушы отбасылардың әр түрлі санаттарын құру.
• Балалардың интернаттық мекемелеaрге орналастырылуын болдырмау мақсатында қиын жағдайда қалған отбасыларға бастапқы кезеңдерінде психоәлеуметтік қызмет көрсетуге бағытталған арнайыландырылған бағдарламаларды нығайту және тарату.
• Іс-құжатты жүргізу жүйесін нығайту және оны денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және балаларды қорғау департаменттеріне біріктіру.