Қазақстандағы мүгедектігі бар балалар жиі стигматизацияға ұшырап, өз үйінде жақсы көретін отбасының қолдауына ие болудың орнына арнайы мекемелерге жіберіледі. Осындай балалар балалық шағын бір мекемеден екінші мекемеге көшумен өткізіп, көбінесе физикалық, психологиялық, эмоциялық және әлеуметтік зардап шегеді, ал оның салдары өмір бойы жалғасуы мүмкін.
Осы жағдайды өзгерту үшін ЮНИСЕФ Қазақстан үкіметімен және жергілікті серіктестер желісімен тығыз жұмыс істейді. Біз барлық балалар қорғалмайынша, мейірімді әрі қамқор отбасында өсуге мүмкіндік алмайынша еш тоқтамаймыз.
Сіздің шұғыл қолдауыңызбен ЮНИСЕФ үкіметпен және серіктестермен бірігіп, Қазақстандағы әрбір бала отбасында өсіп-жетілуі мүмкін болатындай балаларды қорғау жүйесін нығайта алады. Мұқтаж балаларға көмектесіп, осы Рамазан айында сауап амалдар санын еселей түсіңіз.
Артта қалып бастаған бала кейін де артта қалады
Мүгедектігі бар балалар үшін интернат мекемелер қалыпты жағдай емес, тек төтенше шара болуын қамтамасыз етуде үлкен жетістікке жеттік. Дегенмен, тым көп бала әлі де биологиялық отбасымен қауышуды немесе сүйіспеншілікке бөлей алатын асырап алушы отбасына орналастыруды күтіп жүр.
Уақытты зая кетіруге болмайды – өмірді отбасынсыз бастаған бала есейе келе қатты стресске ұшырап, дамуында артта қалуы мүмкін. Бірақ дұрыс қолдау мен ресурс болса, мүгедектігі бар балалар өз отбасыларымен бақытты өмір сүре алады, ал ресми мамандырылған мекемелер өткеннің еншісінде қалады.
Сіздің бүгінгі жанашырлығыңыз осындай балаларды оқшау қалған жерден өздерін керек сезінетін жерге көшіру үшін маңызды мәнге ие. Көп болсын, аз болсын, кез келген қайырымдылық мұқтаж балаларға көмектеседі.
Отыз жыл ішінде Қазақстандағы ЮНИСЕФ үкіметпен және серіктестермен бірлесе отырып:
- Балалар үйлерін өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларға қолдау көрсету үшін балаларды қолдау орталықтарына айналдыруға көмектесті.
- Бүкіл елде балаларды қолдау орталықтарының санын көбейтуге көмектесті. Бүгінгі таңда елде 18 балаларды қолдау орталығы жұмыс істейді. 2017 жылы олардың саны үшеу ғана болған.
- Балалардың отбасы болу құқықтарын қорғауға және үкіметтің деинституционализация саясатына қолдау көрсетуге көмектесті.
Сіздің Рамазан айындағы садақаңыз балалардың өз отбасында өсуіне көмектеседі
Сіздің қайырмалдығыңыздың арқасында ЮНИСЕФ балалар арнайы мекемелерге түспеуі үшін, ал қазір сол жерде бар балаларды биологиялық немесе асырап алушы отбасыларға орналастыру үшін үкіметтің деинституционализация саясатын күшейте алады.
Сіздің қайырмалдығыңыздың балаларды мекемелерге түсірмеудің келесі ықтимал шешімдерін күшейтуге көмектеседі:
- Қазақстанда кәсіби асырап алушы отбасыларды дамыту және 3 жасқа дейінгі балаларды балалар мекемелеріне орналастыруға тосқауыл қою.
- Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бірден мекемелерге орналастыру жөніндегі заңнамадағы олқылықтарды жою.
- Қажеттіліктері әртүрлі балалар үшін асырап алушы отбасылардың нақты санаттарын дайындау.
- Балаларды арнайы мекемелерге орналастыруды болдырмау үшін қиын жағдайда қалған отбасыларды ерте бастан қамтитын мамандандырылған және мақсатты психоәлеуметтік қызметтерді түрлендіру арқылы бағдарламаларды күшейту және кеңейту. Кейс-менеджмент әдісін алға бастыру және оны денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және балаларды қорғау бөлімдерінің жұмысына енгізу.